Жоғары қарай

Сатып алу стратегиясы

Бизнестің жабдықтау қызметінің мейлінше тиімді қолданылуына жағдай жасап, жылдамдықты арттырып, айқындылықты қамтамасыз етеміз. Басқарудың қолайлы және нәтижелі құралдарын іске қосамыз

Жабдықтаудың заманауи қызметі – бұрынғыдай сервистік міндет емес. Қазір ол бизнестің стратегиялық әріптесі

Кез-келген компанияда бизнес-нәтиже көрсеткіші сыртқы нарық, жабдықтау қызметі мен бизнес арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты тиімді құрылғанына тәуелді

Тиімді жабдықтау қызметі компанияның шығындарын қысқартумен қатар, үздік техникалық шешімдер мен инновациялар табуға, әріптестермен сенімді байланыс орнатуға, тұрақты дамуды қамтамасыз етіп, қауіптерді басқаруға көмектеседі

Түрлі индустриялардағы кешенді трансформациялар жүргізу тәжірибесі өзекті мәселелерді шешетін тиімді жабдықтау қызметін құруға көмектеседі. Озық АТ құралдары қолдайтын қызметке барлық қажетті құзіреттер енгізілген

    Байланыс

    Біздің мүмкіндіктер

    Категориялық менеджмент пен стратегиялық сорсинг

    • Категориялық стратегияларды әзірлеп, жүзеге асыру
    • Нарықтағы жұмыстың тиімді стратегиясын құрып, жеткізушілер базасын оңтайландыру
    • Тұтыну саласын оңтайландыру, ұтымды техникалық шешімдер табу
    • Сатып алу рәсімдері мен келісімдер қабылдау шараларын қолдау

    Жеткізушілермен арадағы қарым-қатынасты басқару

    • Жеткізушілермен байланыс стратегиясын әзірлеу
    • Жеткізушілер базасын оңтайландырып, сегментациялау, сатып алу кезіндегі бір реттік, құны төмен шығындарды қысқарту (“tail spend”)
    • Стратегиялық жеткізушілерді дамыту бағдарламасын құру
    • Жеткізушілердің нәтижелі жұмысын басқарып, бағалау жүйесін енгізу

    Операциялық процестерді оңтайландыру

    • Операциялық процестерді «өтінімнен төлемге дейін» қағидасы бойынша оңтайландыру
    • Жабдықтау мерзімдерін қысқарту, жабдықтаудың тиімді жолдарын таңдау, келісімшарттық жұмысты оңтайландыру
    • Қауіптерді анықтауға бейімделген бақылау рәсімдерін іске қосу
    • Транзакциялық процестерді шаблондау және роботтандыру

    Нормативтік-анықтамалық ақпаратты дамыту

    • Нормативтік-анықтамалық ақпаратты басқару процестері мен концепциясын әзірлеу
    • Сұрыптар бойынша шаблондар әзірлеу, мәліметтер құрылымы мен классификаторларға бизнес-талаптар құру
    • Анықтамаларды қалыпқа келтіру

    Жабдықтауда аналитика және мәліметтерді қолдану

    • Шешім қабылдау үшін аналитиканы енгізу (шығындар мен тұтынуды анализдеу, нарық пен жеткізушілер аналитикасы, жабдықтау рәсімдерін анализдеу, процестер тиімділігін анализдеу және т.б.)
    • Мәліметтерге негізделе отырып, басты көрсеткіштер жүйесін құру
    • BI-шешімдерін құрып, енгізу

    АТ-шешімдерін жабдықтауға енгізу

    • АТ-архитектурасын құрып, тиімді шешімдерді таңдау
    • Жабдықтаудың ашық процестерінің барлық кезеңдері үшін АТ-жүйелерін жобалап, енгізу (жеткізушілерді басқару, жабдықтау рәсімдері, «өтінімнен төлемге дейін» келісімшарттарын басқару)