Жоғары қарай

Бизнесті интеллектуализациялау

Бизнесті интеллектуализациялау

Қарқынды дамып келе жатқан нарықта технологиялар құрал болумен қатар, заманауи бизнес-үлгілердің орталық ядросына айналуда. Қазірдің өзінде бизнестің цифрландырылуымен қатар, оның интеллектуализацияланып келе жатқанын байқауға болады. Онда басты рөлді мәліметтер, аналитика және Жасанды Интеллект атқарады. Бұның бәрі Ақылды компаниялардың құрылуына түрткі болады. Осы жолда біздің сарапшылардың көмегіне жүгіне аласыздар.

Ақылды компания — интеллект іс жүзінде:

Сыртқы ортамен цифрлық шешімдер арқылы әрекет етеді

Бзнеске қажетті барлық мәліметтерді жинап, қайта өңдейді

Автономды түрде шешімдер қабылдап, интеллектуалды технологиялардың көмегімен бизнес-процестерді басқарады.

Ақылды компанияның компоненттері мен құрылымы

Кіріс көзі

Бизнес тұтынушылардың қажеттіліктері мен талаптарын терең түсіну негізінде құрылады. Тұтынушымен цифрлық диалог құрылып, сыртқы әріптестермен өзара қарым-қатынасқа ашық болу керек. Бұның арқасында, тұтынушыға ұсынылатын қызметтер мен өнімдердің артықшылығы артады

Ішкі функциялардың операциялық нәтижелігі

Біз барлық деңгейде мәліметтерді, ақылды технологияларды қолдану және оңтайландырылған ұйымдастыру есебінен компанияның ішкі процестерінің шығынан мейлінше азайтуға көмектесеміз. Бұның арқасында, міндетті орындау сапасы мен жылдамдығы артады

Ақылды компанияның катализаторлары
Технологиялар

Икемді, оңай масштабталатын АТ-архитектура және АТ-инфрақұрылымы, цифрлық технологиялардың негізгі процестерге терең ендірілуі

Аналитика және Жасанды Интеллект

Жетілдірілген аналитиканың негізінде шешім қабылдау, Ақылды компанияның басты беделді құралы - Жасанды Интеллектті қолдану арқылы процестерді автономизациялау

Операциялық модель

Компанияның жетілген цифрлық мәдениеті, өзгерістерге бейімделуді тездететін икемді ұйымдастыру және функционалды құрылымдар

Ақылды компанияны құру саласында әріптестік бағыттары

Ақылды компанияны құру саласында әріптестік бағыттары

Бизнесті Ақылды компанияға трансформациялау - стратегиялық бастамалар және технологиялық инновациялардың тұтас кешенінен тұрады. Оған Жасанды Интеллекттің қарқынды дамуы, озық операциялық модель және тб кіреді

  • Ақылды компанияның стратегиясы: бизнеске арналған автопилот

    Біз сіздің бизнесіңізді цифрландыру және интеллектуализациялауға бағытталған кешенді стратегиялар құрамыз. Олар мәліметтерді қолдануға, аналитика және басты бизнес-процестердегі интеллектуалды технологияларға негізделеді. Бұл құралдардың көмегімен компанияңызды автономды, өздігінен жетілдірілетін жүйеге айналып, бизнесіңіздің өсіміне жол ашылады

  • Ақылды бизнес: мәліметтер негіз болған стратегиялар

    Бағалар, өнімдер, тұтынушылар. Бұның бәрін есептеп, болжап және оңтайландыруға болады. Біз енгізетін data-driven коммерциялық қызметтің нәтижелігін арттыруға және ақылды баға мен тұтынушыларға деген қамқорлық есебінен олардың ықыласын күшейтуге мүмкіндік береді

  • Операциялық нәтижелік: бизнесіңіздің цифрлық сыңары

    Біз процестердің жасырын тұстарын анықтап, интеллектуалды технологиялар енгіземіз. Олардың арқасында барлық операциялар жылдамырақ, арзандау және ақылдырақ болады

  • Ақылды функциялар: Жеткізілімдер, Логистика, Өндіріс, Сатып алулар, Коммерция, Қаржы, HR және тб.

    Біз күнделікті жұмысты автоматтандыратын, процестерді басқаратын интеллектуалды фукнцияларды жобалап, нәтижелігін арттырамыз

  • Технологиялық стратегия: АТ-болашақ ландшафты

    Заманауи бизнес шешімдерге сай келетін АТ-архитектурасын жобалаймыз. Онда АТ шешімдерінен бастап, технологиялық M&A-стратегиялары, технологиялық автономияға дейін қамтылған

  • Икемді операциялық модель: тұрақтылық пен даму теңдігі

    Run. Change. Disrupt тримодалды концепциясы компанияны басқару үлгісінен корпоративті мәдениетке дейін трансформациялауға мүмкіндік береді. Біз күнделікті процестердің үздіксіз жүргізілуін, технологиялар мен инновациялардың жылдам ендірілуін қамтамасыз ететін операциялық модельді қайта құрамыз

  • ЖИ стратегиясы және Мәліметтерді Басқару: гипотезадан бастап шынайы бизнес-нәтижеге дейін

    ЖИ белсенді ендіру және мәліметтермен жұмыс істеу бәсекеге төтеп беретін қабілеттерді қалыптастырады. ЖИ процестерге енгізумен қатар, бизнес нәтижені мейлінше арттыруға күш саламыз. Ол үшін ЖИ «индустриаландырып», АТ-архитектурасы мен бизнесті кешенді трансформациялау қажет

    Байланыс