Жоғары қарай

Инфрақұрылымдық консалтинг

Ұйымдардың нәтижелі жүмысы, олардың цифрлық трансформациясы, қызметтің орналасуы және басқа да өзекті бизнес-талаптарды сенімді, икемді басқаруға мүмкіндік беретін ландшафтсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Ол ландшафттың негізінде АТ-инфрақұрылы мен процестер жатыр

Инфрақұрылым – бизнес құндылығы

Бизнеске қойылатын екі талап бар: аз жұмсап, көп табу. АТ-дың дұрыс реттелген қолдану мен басқару процестері, технологиялық архитектура мен операциялық үлгі бизнеске АТ-ға қажетті шығындарды оңтайландырумен қатар, қауіп-қатерлерді анықтау мен жұмыстағы кідірістерден келетін шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Тұтынушылардың сұранысын түсініп, нарыққа жаңа өнімдерді шығаруға ықпал етеді

Біздің сарапшылар бизнеске қойылатын талаптардың маңыздығы мен күрделілігін түсінгендіктен, мейлінше тиімді, сенімді, нәтижелі және экономикалық тұрғыдан негізделген шешімдер ұсынуға әзір. Барлық амал-тәсілдер импорт алмастырумен келген технологиялар жиынтығы негізінде құрылған

    Байланыс

    Біздің мүмкіндіктер

    Стратегия мен консалтинг

    Технологиялық тұрақтылық, цифрлық тәуелсіздік, басты компаниялар кеткеннен кейін бизнесті сақтап қалу, бұлтты үлгіге көшу, операциялық үлгі мен мақсатты технологиялар жиынтығын таңдау, ақырғы сервистердің аштықтығы мен сенімділігі, трансформациялардың құны мен экономикалық нәтижелігі – біз осы мәселелердің барлығын қарастырып, нақты нәтижені айқындап, оған жету жолдарын ұсынуға дайынбыз

    Енгізу мен трансформациялау

    Инфрақұрылымды құрудың жаңа үлгілеріне көшу, миграция, шешімдерді дайындау, автоматты басқару құралдарын, БЖ-ды, АТ-лар процестері мен қосымшаларды енгізу , сондай-ақ, тиімді мониторинг пайдалану. AIOPS және Self-healing – толыққанды техникалық және индустриалды сараптаманы талап ететін кешенді міндет. Осының бәрін біз өз тұтынушыларымызға ұсынуға дайынбыз

    Аутсорсинг пен қадағалау

    Ақырғы сервистердің жоғары деңгейі сапалы қадағалау мен жетілдірілген АТ-ды қажет етеді. Технологиялық орталықтарымыздың сарапшылары түрлі ұйымдарда аутсорсинг қызметін атқарған тәжірибелі мамандар. Олар қызмет пен сервистердің жұмысын сұранысқа сай нәтижелі бақылауға әзір