Жоғары қарай

Ақпаратты қауіпсіздік шешімдері

Бүгінде ақпаратты қауіпсіздік (АҚ) пен қауіптерді басқару өте маңызды мәселе. Кешенді шешімдер арқылы ғана ұйымның технологиялық тұрақтылығы мен бизнестің үздіксіз жұмысына қол жеткізуге болады

Ақпаратты қауіпсіздік қауіптерін басқару

Цифрлық ақпараттық шешімдер - бизнестің ажырамас бөлшегі. Өндірістік процестерді басқару жүйелері, мәліметтер базасы, OT/IOT, бұлтты технологиялар мен жасанды интеллект қолданылған шешімдер күшті киберқауіпсіздік шараларын қажет етеді

АҚ пен қауіптерді басқарудың реттелген модельдері шығындарды оңтайландыруға, ықтималдығы басым шығындарды болжап, бағалауға көмектеседі. Сонымен қатар, компанияның АТ-департаменті мен топ-менеджментінің арасында байланыс орнатып, бизнестің ақпаратты қауіпсіздігінің түрлі аспектілерін айқындай алады

Біздің сарапшылар АҚ-тің операциялық моделі мен даму стратегиясын құруға, қауіптерді басқару құралдарын дамытуға, басқарудың автоматтандырылған жүйелері мен компоненттерін (GRC), түрлі техникалық шешімдерді, ақпаратты қорғау құралдарын, DevSecOps және Secure SDLC процестері мен құралдарын енгізуге көмектесе алады

    Байланыс

    Біздің мүмкіндіктер

    Мәліметтерді қорғау

    • Мәліметтерді классификациялау және категоризациялау модельдерін әзірлеу
    • Ақпаратты қорғау құралдарын енгізу
    • Мәліметтердің құпиялығын сақтауға мүмкіндік беретін процесс құрып, қажетті құралдарды енгізу

    Киберқауіпсіздік

    • Қауіпсіздікке төнетін қатерлерді сараптап, модельдеу
    • Желілік қауіпсіздік шешімдері, атап айтқанда бұлттар қауіпсіздігі, OT/IOT және мобильді құрылғылардың қауіпсіздігін қорғау жүйелерін жобалау және енгізу
    • АҚ пен Технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйесінің қауіпсіздігін бақылау жүйесін құру

    Бизнестің үздіксізділігі

    • Бизнеске ықпал ету анализі (BIA)
    • Үздіксіз қызметке кедергі келтірудің сценарлық анализі (ҮҚ)
    • Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету жоспарын әзірлеп, тестілеу (IRP, BCP, DRP)
    • Үздіксіз қызметті қамтамасыз ету жүйесін дамыту стратегиясын әзірлеу

    Қолжетімділікті басқару

    • Қолжетімділікті басқарудың түрлі құралдарын көшіру немесе енгізу (IDM, CIAM, WIAM)
    • Қолжетімділікті басқару мен идентификациялау процестеріне талдау жасап, жобалау және енгізу (соның ішінде қолжетімділік матрицасы мен SoD)
    • Артықшылығы бар қолжетімділікті басқару (PAM)

    Платформалар мен қосымшалар қауіпсіздігі

    • ERP (SAP және т.б.), CRM жүйелері (SalesForce және т.б.) жүйелерінің қауіпсіздігі, оларды қорғаудың мониторингі, осал тұстарды анықтау
    • АҚ қатысты талаптарды әзірлеу, АҚ қатерлерін модельдеу, қауіпсіздік шарттарына сәйкестігін анықтау
    • Қауіпсіз әзірлеу және DevSecOps

    Қорғаныс анализі, мониторинг пен әрекет ету

    • Компьютерлік шабуылдарға төтеп беру процестерін автоматтандыру мен оркестрациясы
    • WEB және мобильді қосымшалардың да осал тұстары мен қорғанысын тексеріп, мониторинг жасау
    • Жасырын кіру, қосылу әрекеттерін тестілеу
    • Бастапқы код аудиті