Жоғары қарай

Х индустриясы шешімдерін енгізу

4.0 индустриясынан Х индустриясына көшу кезінде бизнесіңіздің цифрлық трансформациясына қажетті біздің интеграцияланған платформамыздың ерекше мүмкіндіктерін ұсынамыз

Тек цифрландыру ғана емес: жаңа деңгейлі индустрия

Заманауи, жылдам әрі үздіксіз өзгерістер дәуірінде кезекті өнеркәсіп революциясын жасау жеткіліксіз. Шығаратын өнімді толыққанды цифрлық транформациялаумен қатар, өндіріс тәсілдерін де жаңарту керек. Өндірісті трансформациялаудың жаңа әрі сапалы жолдарын табу Х индустриясына көшудің бастауы деп айтуға болады

Біздің кешенді шешімдеріміз, ресурстардың үлкен қоры және зерттеулік тәжірибеміз бизнесіңіздің әр кезеңінде цифрлық инновацияларды енгізуге жәрдемдесе алады. ЖИ, сараптама құралдары, цифрлық телқосақтар, өнеркәсіптік заттар интернеті секілді технологиялар қызметкерлер және әріптестермен арадағы жұмысты жаңа белеске шығарумен қатар, өндіріс өсімі мен табыстың жаңа көздерін табуға көмектеседі

    Байланыс

    Біздің мүмкіндіктер

    Қолданбалы ЖИ

    Қызмет ауқымын кеңейтуге деген ерекше көзқарасымыз ЖИ табыс көзіне айналдыруға мүмкіндік береді. Бұның арқасында бизнес инвестицияларынан түсетін кіріс көлемі де едәуір артады

    Х Индустриясының инновациялық желісі

    Біздің шешімдеріміз түрлі компаниялар, соның ішінде табиғи ресурстарды өндіріп, қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындарға Х Индустриясының бөлігіне айналуға мүмкіндік береді

    Тұйық цикл экономикасы

    Тау-кен өндірісі мен металлургиялық компаниялар үшін жаңа табыс көздері мен баламалы бизнес-модельдер жасауға мүмкіндік беретін интеллектуалды шешімдер

    Бизнесті цифрландыру

    Алдын-ала ойластырылған бақылау жүйелерімен қатар заманауи технология мен аналитиканы дер кезінде қолданудың арқасында бизнестің нәтижелігі артады

    Блокчейн

    Компания қызметінің барлық салалары үшін блокчейн технологияларын қолдану. Операциялық тиімділікті арттырудан бастап, жаңа нарықтарға шығып, ерекше цифрлық өнімдер жасауға дейін