Жоғары қарай

Химиялық өнеркәсіп

Химиялық өнеркәсіп

Бүгінде қарқынды дамып жатқан химиялық өнеркәсіп заманауи әлемдік экономикада маңызды рольдердің бірін атқарады. Химиялық өнімдерге деген сұраныс артуда. Жаңа мүмкіндіктерге ие, қолдану аясы кеңейіп келе жатқан химиялық заттар шығарылып, технологиялар мен салааралық байланыстар жетілдірілуде. Тұрақты даму қағидалары енгізілуде. Химиялық индустрияның дамуы мен инновацияларын қамтамасыз ететін негізгі факторлар – цифрландыру мен озық технологияларды енгізу

    Байланыс

    Ақпараттық технологиялар ролі

    Ақпараттық технологиялар химиялық өнеркәсіпте маңызды роль атқарады. Олар өндіріс жұмысының нәтижелігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

    Химиялық өнеркәсіптің қандай маңызды салаларында ақпараттық технологияларды қолдануға болады?

    Өндіріс процестерін басқару

    Ақпараттық технологиялар химиялық заттар өндірісінің процестерін автоматтандырып, оңтайландыруға мүмкіндік береді. Өндірісті басқару жүйелері (SCADA) мен атқарушы деңгей жүйелері (MES) параметрлерді бақылап, олардың мониторингін жүргізу, құралдарды басқарып, мәліметтер жинау мақсатында қолданылады. Бұның арқасында өндірістің нәтижелі жұмысын, қауіпсіздігі мен сапасын күшейтуге болады

    Модельдеу мен симуляция

    Ақпараттық технологиялар математикалық модельдер құрып, химиялық өндіріс процестерінің симуляциясын жасауға мүмкіндік береді. Бұның арқасында жүйенің қалай жұмыс істейтінін алдын‑ала болжап, процестер параметрлерін оңтайландырып, жаңа бастамаларды жүзеге асырмас бұрын оларды виртуалды сынақтан өткізуге болады

    Сапаны басқару

    Ақпараттық технологиялар химиялық өнімдердің сапасын басқару үшін қолданылады. Сапаны басқару жүйелері (QMS) өндірістің түрлі кезеңдерінде сапа параметрлерін бақылап, түйткілді мәселелер мен трендерді анықтау үшін анализ жүргізуге мүмкіндік береді

    Қауіпсіздік және нормативті талаптарды орындау

    Ақпараттық технологиялар өндіріс қауіпсіздігін қамтып, нормативті талаптарды сақтауда маңызды роль атқарады. Қауіпсіздікті басқару жүйелері мен қоршаған ортаны басқару жүйелері химиялық процестермен байланысты қауіптерді қадағалап, бақылауға, сондай‑ақ тиісті стандарттар мен заңдылықты сақтауға мүмкіндік береді

    Зерттеулер мен әзірленген жұмыстар

    Ақпараттық технологиялар жаңа химиялық өнімдер мен процестерді жасау жолын және зерттеулерді қолдайды. Компьютерлік модельдеу, мәліметтер базасы, аналитикалық құралдар мен басқа да технологиялар жаңа материалдар жасауды, формулалар құруды және инновациялық шешімдер жасауды тездетеді



    Біздің мүмкіндіктер

    Химиялық индустрияның цифрлық трансформациясы компанияның міндеттері мен жұмыс істеу сапасын күшейтетін инновациялық технологияларды, қызметтер мен өнімдерді енгізумен қатар жүреді

    ERP саласындағы қызметтер мен шешімдер

    Озық алгоритмдер қай кезде нәтижелі жұмыс істейді? Өндіріс, тасымал тізбегі, қаржы көлемі жайлы толық ақпарат болған кезде ғана. Бірақ, алдымен кәсіпорынның трансформациясын жүргізу қажет. Сонда ғана нәтиже болады

    Өндіріс және операциялар

    Біздің команда компанияларға өндірісті басқару жүйелерін (MES) жобалап, енгізуге көмектесе алады. Ол құралдарды басқарып, процестер параметрлеріне мониторинг жүргізіп, бақылау үшін және деректер жинау үшін қажет

    X Industry

    Жасанды интеллект пен машиналық оқытуды қолдану өндірісті оңтайландыруға, сұранысты болжауға, өнім сапасын арттыруға және ресурстарды нәтижелі басқаруға септеседі

    Тасымал тізбегі мен операциялар

    Біз кәсіпорындарға белгілі бір бизнестің ерекшелігін ескеретін, алдын‑ала ойластырылған тасымал тізбегін ұйымдастыру арқылы икемді өндірістік циклдар әзірлеуге көмектесеміз

    Тұтынушылармен жұмыс тәжірибесі

    Біздің компания ұсынатын шешімдер салалық тәжірибеге негізделгендіктен, тұтынушылардың талаптарына сәйкес өсім көлемін арттыруға мүмкіндік береді

    Басқару консалтингі

    Қызмет көрсетудің ортақ орталықтарын енгізу, категориялық менеджмент, операциялық қызметтің нәтижелігін мейлінше арттыру үшін жөндеу міндетін трансформациялау