Жоғары қарай

АТ-стратегиясы

Технологияларды нәтижелі қолдану – кез-келген бизнестің жемісті қызметі мен тұрақты дамуының кепілі

Технологиялық көшбасшылық — табыс кепілі

Технологиялық стратегия ішкі операциялық нәтижелікті арттыру мен өнімдерді цифрландыру арқылы бизнес артықшылықтарға жету жолында трансформация бағытын айқындайды. Бұның арқасында тұтынушылар мен әріптестермен арадағы қарым-қатынас та дамиды. Компаниялардың 10% ғана өз АТ-ландшафтын тұрақты деп бағалайды. Сол себепті, қазір технологиялық трансформация өте қажет шара

Түрлі саладағы компаниялар үшін технологиялық стратегияларды дайындап, жүзеге асыруда көп жылдық тәжірибемізге сүйене отырып, білім мен нәтижелі құралдардың бірегей жинағын жасадық. Оның арқасында, біз ұсынатын стратегиялар ойдағыдай жүзеге асады

Технологиялық стратегияларды дайындауда мына факторларды ескеру қажет деп ойлаймыз:

  • Цифрландыру басымдылығы: сыртқы – әріптестер және тұтынушылармен арадағы қарым-қатынас, немесе ішкі – операциялық нәтижелікті арттыру
  • Әріптестер және тұтынушылармен арадағы қарым-қатынасты цифрлық платформалар мен экожүйелер арқылы жүргізу
  • Тұтынушылар сервисін дамытып, ішкі нәтижелікті арттыру үшін мәліметтерді кешенді басқару және аналитика
  • Жергілікті және ашық технологияларды қолдану арқылы өнімдік модель құру (импорт алмастыру)
  • Компанияның сыртқы өзгерістерге тез бейімделетін икемді операциялық моделін құру (Agile/SAFe)

    Байланыс

    Біздің мүмкіндіктер

    Технологиялық аудит және цифрландыру стратегиясы

    Бизнес пен технологиялардың цифрлық жетілуін бағалау (соның ішінде АТ-архитектурасы мен инфрақұрылымы, мәліметтер мен бизнес-процестер), кешенді АТ-стратегиясын әзірлеу

    АТ-архитектура мен трансформацияларды қолдау

    Мақсатты АТ-архитектурасын жобалау, басқару қызметін дамыту, мақсатты АТ-жүйелерін таңдау. Бекітілген стратегияларды қолдау, трансформация бағдарламаларын басқару

    АТ-операциялық моделі

    АТ-бөлімшесінің Agile-трансформациясы бизнеспен қарым-қатынастың тиімділігін арттыру, АТ-процестерін жетілдіру, АТ-НӨК (Негізгі Өнімділік Көрсеткіштері ) жүйесін құру, рольдік модель, мотивация жүйелерін құру және т.б.

    M&A АТ тарту

    Компанияны сатып алу кезінде Due Diligence аясында АТ-инфрақұрылымын сараптау, кейіннен АТ-біріздендіру мен интеграциясына әкелетін M&A келісімдерін қолдау

    АТ-шығындарын оңтайландыру

    АТ-бюджеттерін анализдеу, бенчмаркинг, АТ-шығындарын азайтып, әрі оларды тиімді қолдануға көмектесетін ұсыныстар әзірлеу, АТ-НӨК жүйесін құру

    АТ жергіліктендіру стратегиясы

    Қауіптерді сараптау, БЖ, құралдар мен АТ-қызметтер саласында импорт алмастыру тиімді стратегиясын әзірлеу, жергілікті және ашық баламаларды таңдау