Технологиялық инновацияларды бизнес‑артықшылықтарға айналдыра отырып, батыл да күрделі ой‑талаптарыңызды жүзеге асыра алатын ерекше жүйелі әрі кез‑келген ауқымдағы шешімдер құрамыз
Болашақ инжиниринг: Арман. Орындау. Ауқым.
Үздіксіз даму мен өзгеріс заманында бизнестің барлық құрамдас бөліктерін жылдам бейімдеу қажет. Бұл бағдарламалық жабдықтауға да қатысты. Сіздің болашақ мақсатыңызды орындау үшін, жобалау мен оның барлық құрамдас бөліктерін әзірлей алатын тәжірибесі бай кәсіби мамандар қажет
Әзірлеу мен басқаруда тәжірибесі мықты ірі және танымал командалардың бірін құра алғандықтан, күрделі бизнес‑шешімдерді шешудің түрлі жолдарын ұсына аламыз. Біздің шешімдер шығармашылыққа негізделген, жалпылама тәжірибеден аулақ, ерекше әрі тиімді жолдар. Жылдар бойы жинақтаған тәжірибе қолдануда тиімді, нәтижелі, ауқымды және сенімді БЖ әзірлеуге мүмкіндік береді. Салалық әріптестердің ауқымды тізімі заманауи технологияларға жол ашады
Біздің мүмкіндіктер
Кәсіпорын архитектурасы
Сіз әзірлейтін ақпаратты технологиялар‑ландшафты тез бейімделетін, басқа салалармен біріге алатын, ауқым аясы өсетін сенімді орта болуы керек
Жүйелерде әзірлеу және қадағалау
Нақты бір тұтынушы үшін жүйелер жасауда, оның барлық талап‑тілектері ескерілетін cloud‑ready қосымшаларын әзірлеуге мән береміз
Қосымшаларды модернизациялау
Қолданыста бар АТ‑шешімдерін cloud‑ready жүйелеріне трансформациялау сіздің инвестицияларыңызды қорғап, жүйелердің икемді әрі нәтижелі болуына мүмкіндік береді
Интеллектуалды автоматтандыру
Бизнесіңіз технологиялық өзгерістерге сай өздігінен дамысын десеңіз, бизнес‑процестерді автоматтандыру саласындағы интеллектуалды шешімдерді қолдануды ұсынамыз
Мәліметтерді басқару
Мәліметтердің ашық, өзекті, толық әрі сенімді болуы оларды басқару жүйесіндегі маңызды қадам саналады
Қосымшаларды басқару
Үздіксіз өзгерістер жағдайында трансформация процесін жүзеге асырып, ресурстарды босату үшін қосымшаларды автоматтандырып, мерзімін ұзарту қажет
Бағдарламалық және жобалық басқару
Алға қойылған мақсаттарды уақтылы әрі сапалы орындау үшін жобалық офистер, процестер дизайны мен трансформация бастамаларын басқару құрылымын ұйымдастыру, бағдарламалар мен жобаларды басқару
Басқарудың икемді методологиялары
Бұл жәй ғана әрекет емес – бұл ойлау жолы! Біз бизнестегі өзгерістерді жылдамдату үшін компанияның бейімделу қасиетін күйшейтуге қол жеткіземіз. Кәсіпорын жұмысын үнемі трансформациялау үшін, үнемді және икемді өндіріс қағидаларын енгіземіз