Шетелдік вендорлар мен қызмет жеткізушілер нарықтан кеткен жағдайда бизнес-критикалық жүйелерді қолдап, дамыту
Аутсорсинг тұрақтылық пен даму жылдамдығын қамтамасыз ету стратегиясы ретінде
Біз аутсорсингті - бизнес-белсенділіктері орындалатын инфрақұрылымды, қосымшаларды кешенді басқару құралы ретінде қабылдаймыз
Қызметіне қосымшаларды (соның ішіне ERP, MES, SES, логистикалық, банк және басқа жүйелер де кіреді) қадағалап, қолдану міндеті кіреді. Сондай-ақ, инфрақұрылымды қолдану, оны жаңарту, жетілдіру, жаңа қосымшаларды жобалап, әзірлеу, оларды сынақтан өткізу міндеттері де жүктелген. Тұтынушы тарапынан қосымшаларда жұмыс істейтін мамандарды да қадағалау қажет (бизнес-процестер аутсорсингі)
Нарықтан кеткен вендорлардың жүйелерін дамыту, жұмысын одан әрі жүргізу, немесе оларды алмастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Біз тез арада мол тәжірибе жинақтап, көптеген ірі компанияларға көмек көрсеттік. Алдымен өз АТ-дан бастап, отандық балама 1С, сонымен қатар шетелдік өндірушілердің SAP, Blue Yonder және басқа да жүйелерімен (ескірген legacy-қосымшалармен де) жұмыс істейміз
Қолдау қызметімен қатар, АТ-процестеріне талдау жүргізіп, оңтайландырудағы тәжірибемізбен де бөлісе аламыз. Толыққанды автоматтандыру, қолдау қызметінің өзіндік құнын оңтайландырып, дамыту, жобалау, өкілеттіліктер орталығы мен әзірлеу/қолдау фабрикаларын іске қосу қызметтерін де ұсына аламыз
Шешімдер
SAP, 1С және басқа да ERP қолдау және дамыту
Өзге вендорлардың ERP және басқа да қосымша модульдерін, заманауи HANA және ескірген нұсқаларын, 1С жүйелерін сенімді қолданып, дамыту
Арнайы жүйелер
Blue Yonder, Quintiq, Apriso және басқа да арнайы жүйелерді қолдап, дамыту, оның ішінде өндірісті басқару, сапаны қадағалау, жоспарлау, логистика қызметі және core-banking қарастырылған
Legacy және тапсырыспен жасалынған жүйелер
Аталған жүйелерді қадағалайтын әдістеме мен құралдарымыз бар. Вендор немесе қызметті жеткізуші компания қолдау қызметін кенеттен тоқтатқан жағдайда, сол құралдар мен әдістеменің көмегімен жетіспейтін бөлшектерді қайта құрып, одан әрі дамыта аламыз
Тәсілдер мен ерекшеліктер
Тұтынушы командасымен толық интеграциялану
Біз тұтынушыны қолдап, дамытудың қалыптасып қалған тұрақты модельдерін қолданамыз. Тұтынушылық SLA мен құралдарды пайдаланып, қалыптасқан процестерге қатыса отырып, тұтынушының мамандарымен тығыз қарым-қатынас орнатамыз
Сервистерді автоматтандыру және жетілдіру
Тұтынушыға жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін сапаны арттыру жолдарын дамытқан дұрыс. Нақты тұтынушы және нақты қосымшалармен жұмыс істеп, үлкен тәжірибе жинадық. Соның арқасында, жақсарту шараларын қолданып, ұсынамыз (келеңсіздіктерді автоматты шешу, роботизация, қиындықтарды өздігінен тауып, анықтау, өз-өзіне қызмет көрсету құралдары)
Икемді қаржылық модельдер
Біз үшін әрбір тұтынушы мен жоба маңызды. Сол себепті, қолдау мен дамытудың қалыптасқан қызметтері үшін түрлі модельдерді ұсынамыз: көрсетілетін қызмет деңгейі көрсеткіштерінің сақталуы үшін бекітілген төлемақы (SLA), кепілдендірілген мөлшері бар сараптама (Capacity), T&M моделі бойынша жұмыс істеу, транзакцияларға төлеу, сонымен қатар тұтынушының бизнес-көрсеткіштерін көзделген нәтижемен байланыстырып, қажетті төлемдер жасау
Қолдауға жіксіз қабылдау
Нақты жүйе болмаған жағдайда да әрекеттерді қадағалау, құжаттарды қайта жасау, жинақталған білім қорын тапсыруға бағытталған айқын әрі кез-келген жағдайға бейімделе алатын тәсілдердің арқасында қосымшаларды басқа қызмет көрсетушіден немесе өз мамандарынан AXELLECT-тің қолдауына өткізу шарасы тез әрі қауіпсіз түрде іске асады. Командалар және мердігерлермен арадағы тығыз байланыс даму қозғалысына бейімделіп, техникалық қолдауға өзгертулер енгізуге мүмкіндік береді
Қызмет көлемі мен ресурстарды икемді басқару
Бүгінде үнемі дамып отыратын нарықта қызмет көлемін өзгертіп не болмаса ішкі команданы күшейтіп, шұғыл өзгерістер жүргізу үшін тез арада қосымша күш тарту керек. Бұл мүмкіндіктерге бейімдеуге келетін келісімшарттар, арнайы бөлінген аккаунт-менеджердің қызметін басқару және - AXELLECT-тің тәжірибелі мамандарының көмегімен қол жеткізуге болады
Трансформациялық аутсорсинг
АТ-дың толық аутсорсингін (оның ішіне АТ қызметкерлерін AXELLECT-ке көшіру де кіреді) қамтамасыз етіп, басқару процестері мен өкілеттіліктер орталықтарын ұйымдастырып, «АТ қызмет ретінде» форматында жұмыс істеу үшін біріккен инвестицияларға дайынбыз. Бұның арқасында АТ тұтынушысын AXELLECT-ке тартып, қажет болған жағдайда оны дамытып, жетілдіргеннен кейін тұтынушылар базасына енгізуге болады