Жоғары қарай

Жаңалықтар

Николас Гутиеррес,  Axellect-тің «Ресурстар» департаментінің жетекшісі Forbes Қазақстан басылымына сұхбат беріп, республиканың технологиялық даму келешегі жайлы өз ойымен бөлісті.

Николас Қазақстанның өнеркәсібі саласындағы қазіргі жағдайды айқындайтын трендтерге қатысты өз пікірін білдірді. Отандық индустрия саласында жаңартуды қажет ететін өндірістер көп. Жетілдіру жұмыстарын аймақтарға тән ерекшеліктерді ескере отырып жүргізген маңызды.

Индустрияны дамыту жолындағы кедергілер жайлы айтар болсақ, технологиялық құралдардың жоқтығымен қатар, ол құралдарды компаниялардың жұмысына интеграциялау сапасын да қарастыру керек дейді Николас Гутиеррес. Технологияларды енгізу кезінде жұмыс процестерін де өзгерту қажет. Әйтпесе, жаңарту шаралары еш нәтиже бермейді.

Сонымен қатар сұхбатта киберқауіпсіздік, цифрландырудың түйткілдері мен ерекшеліктері, тұрақты даму мәселесі де сөз болды.

Сұхбаттың толық нұсқасын Forbes.kz сайтында  оқи аласыздар.