Жоғары қарай

Жаңалықтар

Антон Мусин, Қазақстандағы Axellect компаниясының басқарушы директоры 16-маусымда Astana Hub-та өткен Decentral Asia  конференциясында біздің компанияны таныстырды.  

Басқосуда талқыланған негізгі мәселе цифрлық валюталар мен активтер, олардың бірегей мүмкіндіктері мен ерекшеліктері болды. Сонымен қатар, цифрлық валюталар мен активтердің ұлттық банктер мен қаржы жүйесі үшін маңыздылығы, оларды енгізудегі басты кедергілер жайлы да сөз қозғалды. National payment corporation of Kazakhstan әріптестеріміз Digital Tenge жобасының дамуы жайлы баяндап берді. Біз цифрландыру саласындағы сарапшы ретінде жобаны қолдайтындығымызды айттық. Сондай-ақ, Қазақстанда бұл жоба ел үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын қаншалықты маңызды екеніне де баса назар аудардық.

Ақпараттық қауіпсіздік, атап айтқанда бүгінде өзекті болып отырған киберқауіпсіздік мәселесі де қозғалды. Антон Мусин Binance биржасының барлау және тергеу бөлімінің басшысы Ярек Якубчекпен ашық пікірталас өткізіп, бұл мәселеге қатысты біздің сараптамамызбен бөлісті.

Decentral Asia конференциясы Қазақстан цифрлық болашаққа қадам басуға дайын екендігін тағы бір мәрте айқындады!  Бұл жолда Axellect Қазақстанға көмектесуге әзір!