Жоғары қарай

Жаңалықтар

Axellect цифрлық теңгені тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдалану кезеңіндегі Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясының технологиялық әріптесі атанды

Axellect консалтинг компаниясы Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясымен (ҰТК) әріптестік келісімшарт аясында «Цифрлық теңге» жобасының тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне қатысты. Жобаның кезекті қадамында ұлттық цифрлық валюта (ОБЦВ/CBDC) платформасына екінші деңгейлі төрт банк рұқсат алып, ал олардың тұтынушылары шектеусіз төлемге мүмкіндік беретін арнайы карталарды (CBDC-карталар) рәсімдей алды.

2023 жылдың қараша айында Axellect компаниясының қатысуымен жоба тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдалану кезеңіне шықты. Тәжірибелі-өнеркәсіптік контур қатысушылары жеке тұлғаларды тарту арқылы ОБЦВ пайдаланудың екі сценарийін сынақтан өткізді. Бірінші сценарий аясында Қазақстанның төрт банкі цифрлық теңге платорфмасын пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Олар цифрлық ақшамен жаңа есепшоттар аша алады. Есепшоттарға халықаралық төлем жүйелеріне қосылған Цифрлық теңге төлем картасы байланады. Мұндай шоттарға жеке тұлғалардың шектеулі саны ғана қол жеткізіп, цифрлық теңгенің тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдалануына қатысады.

Цифрлық теңгенің төлем картасымен кез-келген сатылымдарды жүзеге асырып, Қазақстанмен қатар басқа да мемлекеттерде қызметтер үшін төлем жасауға болады. Цифрлық теңгеден тұратын цифрлық есепшоттың көлемін қолданушымен жүктелетін банктің қосымшасынан білуге болады.

Тәжірибелі-өнеркәсіптік контурдың екінші сценарийі бойынша ОБЦВ транзакцияларын заңды тұлғалардың қатысуымен сынақтан өткізу көзделген. Цифрлық теңге Алматы қаласының екі мектеп асханасында әлеуметтік түскі астың төлемі үшін пайдаланылады. Цифрлық теңгенің платформасында Onay картасының көмегімен асхананың есепшотына төлем аудару мүмкіндігі іске асырылған. Өз кезегінде, қоғамдық тамақтану мекемесі контрагенттеріне цифрлық теңгемен төлем жасап, немесе цифрлық валютаны фиаттық ақшаға айналдыра алады.  

Сонымен қатар, Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясымен әріптестік келісімшарт аясында Axellect компаниясы циифрлық валютаның қызметіне қатысты гипотезаларды тексеру мақсатында Цифрлық теңге жобасының зерттеу жұмыстарымен одан әрі айналыса бермек.

«Цифрлық теңге — ұлттық валютаның үшінші формасы. Одан өзге қолма-қол және есепшоттар арқылы аударылатын ақша бар. Цифрлық валюта инновациялық қаржы сервистерін құру үшін блокчейн технологиясының әлеуетін ашуға ықпал етеді, мемлекеттік шығындардың нәтижелігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, дәстүрлі қаржы мен цифрлық активтер арасында байланыс орнатады. Бүгінгі әріптестік цифрлық теңге экожүйесін дамытуға жол ашып отыр. Оның арқасында, қазақстандықтар болашақта жоба аясындағы бірінші өнімдермен пайдалану мүмкіндігіне ие болады», — дейді Қазақстан Ұлттық төлем корпорациясының Төрағасы, Бинұр Жәленов.

«Бүгінде CBDC бағыты әлемнің 120-дан астам елінде дамуда. Цифрлық ақшаның көмегімен төлем жүйесін оңтайландырып, жергілікті және ғаламдық деңгейде мейлінше айқын және нәтижелі етуге болады. Интернет байланысының сапасы төмен жерлерде де картамен төлеп, бюджеттен бөлінген қаржы мен транзакцияларды қадағалау мүмкіндіктері бар. “Цифрлық теңге” жобасы Қазақстанда сәтті әрі қарқынды жүзеге асырылуда. Бүл жобаға Axellect компаниясы да өз үлесін қосып жатқанына қуаныштымыз», – дейді Axellect компаниясының Қазақстандағы атқарушы директоры, Антон Мусин.