Жоғары қарай

Жаңалықтар

Axellect Ташкенттегі SAP Day 2023 конференциясына қатысты.  

Біздің әріптестер Орталық Азияның тау-кен кәсіпорындарында бюджеттеу және консолидациялауға қатысты ірі жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Конференцияны қорытындылай келе, Axellectбасқарушы директоры Антон Мусин мынадай пікір білдірді:

— Қазір Өзбекстанда заманауи АТ-шешімдерін енгізуге деген үлкен сұраныс байқалады. Елде цифрлық трансформацияның мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда. Өндірістің басты саласының бірі ретінде тау-кен өнеркәсібін цифрландыру тұтас мемлекеттің экономикасына ықпалын тигізуі мүмкін. Орталық Азия аумағында технологиялық консалтинг бойынша, бірқатар жобаны жүзеге асыруда тәжірибеміз болғандықтан, Өзбекстан біз үшін тартымды нарық. Біз өз сараптамамызбен бөлісіп, нәтижелі шешімдер ұсынып, біздің маңызды әріптестеріміздің бірі SAP секілді әлемдік көшбасшылардың бағдарламалық жабдықтауын енгізуге дайынбыз.